direct.jpg

№54 мектеп-лицей директоры Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлының қабылдау күндері
Дүйсенбі 15:00 – 17:00
Сәрсенбі 15:00 – 17:00
Жұма 15:00 – 17:00




Мектеп тарихы

Мектептің іргесі 2006-2007 оқу жылы қаланды. Үкіметтің 28.07.06 күнгі шешімімен № 1150/1 П-02.04 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы негізінде ұлттық білім үлгісін қалыптастыру, ол білім жүйесін халықаралық кеңістікке енгізу мақсатында жүзеге асырылды. Астана қаласының елордалық статусын ескере отырып, 12-жылдық білім көлемінде бейіндік оқытуды ендіруді көздеген республикалық эксперименталдық алаң болып  табылады.

 

Мектеп күнделіктерінен

»04.04.07. №54 қазақ орта мектебі ашылды. 

»11.05.07. Халықаралық форум өтті.

» 01.06.07-27.07.07. Интерактивті тақтамен жұмыс істеуден семинар өткізілді.

» 03.09.07. «Интерактивтік ON-LINE сабақтарының тұсаукесері» брифингі өтті.

» 06.12.07. Британдық кеңестің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті.

» 07.12. 07. Мектеп оқушыларының президентін сайлау өтті.

» 14.12.07. Жас ұландар қатарына қабылдау рәсімі.

» 22.12.07. Мұхтар Шаханұлымен кездесу.

» 08.01.08. Ғылыми жобадан қалалық сайыс мектебімізде өтті.

»16.02.08. Президент жолдауын насихаттау.

» 26.02.08. Алдан Смайыл, Оразгүл Асанғазықызымен кездесу.

»01.03.08. Ғылым саласы бойынша мектебімізге алғашқы алтын медаль әкелді

» 05.03.08. Мамандық таңдауға қатысты іс-шара.

 »26.03.08. "Білім беру мекемелерінде информациялық және коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары" атты республикалық конференция өтті.

» 03.04.08. Мектептің бір жылдығы тойланды.

»04.06.08. Intel корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Крейг Барретт мектепке Classmate ноутбуктерін сыйлады.

» 24.10.08. Астана қаласының бірыңғай білім беру кеңістігін құру мақсатында Білім порталы ашылды.

» 22-26.02.09. Ұлыбританиялық әріптестерімен тәжірибе алмасу.

»28.02.09. Республикалық ғылым жобалар сайысында 1 және 2 орынды иеленді.

 »02.04.09. Мектептің ашылуына 3 жыл толуы тойланды.

  »20.06.09. Мектеп бітіру кеші. "Алтын белгі" иегерлері.

  »01.10.09. Депутат, сазгер, әнші Бекболат Тлеуханмен "Дін және қазіргі қоғам" тақырыбындағы кездесу.

  »03.10.09. Өзін-өзі басқару күні.

  »16.10.09. Ағылшын тілі мұғалімдерінің "Study Inn" қалалық семинары мәжіліс залында өтті.

   »24.10.09. Бокстан әлем чемпиондары Акшалов Мереймен, Абуталипов Қанатпен кездесу өтті.

  »10.11.09. "Отбасы және мектеп - білім кеңістігіндегі қарым-қатынас" ата-аналар форумы өтті.

  »25.11.09. "Қазақстан 51 халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алады" атты нақты пәндер кафедрасының қалалық әдістемелік күні өткізілді.

  »02.12.09. Мырзатайтегі Әли Кипрде халықаралық ғылыми жобалар сайысына қатысып, II орынды иемденіп келді.

»25.01.2010ж. Қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. »

»27.03.10 ж. Алматы қаласында мектеп-лицейіміздің «Тұмар» би ансамблі балалар шығармашылығының «Жас таланттар» халықаралық билер сайысына қатысты. 

»08.04.10 ж. Қалалық «Ең үздік қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі» сайысы өтті.

»15.05.10 ж. Қала мектептерінің 10-сынып оқушылары “Жыл оқушысы-2010” конкурсына қатысты. Білім ордамыздың намысын Ерболат Айжұлдыз қорғады.

»22-29.06.2010ж. Украина елінің Феодосия қаласына Ә.Ф.Бегенова жетекшілік еткен «Тұмар» би ансамблі барып қайтты.

»22-29.06.2010ж. Украина елінің Феодосия қаласына Ә.Ф.Бегенова жетекшілік еткен «Тұмар» би ансамблі барып қайтты.

»25.05.2014 ж. Оқу жылының аяқталуы.

»02.04.15. Мектептің ашылуына 8 жыл толуы тойланды.

right_img.png
 

Астана қ.
Ш. Иманбаева көшесі, 4 уй

Қабылдау бөлімі
+7 (7172) 68 38 36

Директордың орынбасары
+7 (7172) 68 38 35

Вахта
+7 (7172) 68 38 34

Мектеп инспекторы
Елшибекова Гулнур Бектурганкызы
+7 707 180 71 96

№54 мектеп-лицей 

rightimg3.jpg
Document

С заботой о детях